Мазмұнға өту
qandastar.

Германиядан келген туристер Қазақстан полициясына алғыс айтты

Бақытжан Мұса · · 74 қаралым
Германиядан келген туристер Қазақстан полициясына алғыс айтты

Германиядан Қазақстанға демалуға келген шетелдік азаматтар полиция қызметкерлеріне алғыс айтты. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Абай облысы полиция департаментінің ресми парақшасына Германиядан келген Камбышевтер, Сапарғалиевтер және Измайловтар отбасыларынан алғыс хат жолданған. Олар Абай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Даурен Әлімбаевқа жоғалған ұялы телефонды тауып, заңды иесіне қайтаруға көрсеткен көмегі үшін ризашылық білдірген.

Қонақтардың айтуынша, полиция қызметкерлері оқиғаға жедел ден қойып, кәсіби әрекетінің арқасында жоғалған телефонды қысқа уақыт ішінде тауып берген.

«Сіздердің жедел әрекеттеріңіз, адалдықтарыңыз бен адамгершіліктеріңіздің арқасында жоғалған телефонымыз қайта табылып, өз қолымызға тиді. Бұл оқиға Қазақстан полициясына ғана емес, тұтастай елімізге деген құрметімізді арттырды», – делінген алғыс хатта.

[embed]https://youtu.be/54zOsM00ZNI?si=bJdcbQ2ZJ-sbc2Ja[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp