Фото: ашық дереккөз
Гидра аралындағы қарағайлы орман өртіне қатысты жауапкершілікті жеке чартерлік яхтаның капитаны өз
деп хабарлайды kursiv.kz
Бұл жайлы Грекия басылымдары хабарлады. Айта кетейік, ормандағы өрт қазақстандық мультимиллионерлер отшашу ұйымдастырғаннан кейін басталған.
Грекия басылымдарының хабарлауынша, 2 тамыз күні яхта капитаны экипаждың басқа мүшелерін ақтап, түсініктеме берген.
Өз сөзінде жеке кеме капитаны 15 отшашу жиынтығын алып, оны тасқа қойып, теңізге қарай бағыттағанын айтқан. Тұтатқаннан кейін оның 14-і аралдан алыс, теңізге қарай атылған. Ал біреуі кері бұрылып, аралдың тік беткейіне түскен. Салдарынан от шыққан.
Капитан мұны басқа экипаж мүшелерінің көмегінсіз өз бастамасымен орындағанын, жалға алушылар бұйрық бермегенін айтқан. Өз сөзінде экипаж мүшелерін таңғалдырғысы келгенін атап өткен
Бұл тергеу барысын өзгертіп, сотқа тартылып жатқан 13 экипаж мүшесіне қатысты құқықтық өзгерістер болуы мүмкін екені айтылады.
Ал мұның алдында берген куәлігіне сол кездегі дүрбелең әсер еткенін, соған байланысты жағдайды мүлде басқаша түсіндіргенін мәлімдеген. Ал бұған дейінгі сөзінде яхта капитаны тергеу кезінде Гидра аралында болған өртке ешқандай қатысы
Айта кетсек, 25 маусым күні Гидра аралындағы қарағайлы орман өртенгені белгілі болды. Ол өртке қазақстандық мультимиллионерлер – Halyk Bank басқарма төрағасы
Үміт Шаяхметова
мен Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер
Данияр Әбілғазиннің
қатысы
Шетел БАҚ-тары кемеде Үміт Шаяхметованың күйеуі мен қызы,
Данияр Әбілғазиннің
әйелі және тағы бірнеше адам болғаны туралы жазды. Оқиға болған күні ертеңіне
Данияр Әбілғазиннің
ұшағы Афинадан Алматыға ұшып кеткені белгілі болды.
Бұл жағдайдан бірнеше күн өткен соң, яхтаны жалға алған
Данияр Әбілғазин
түсініктеме беріп, аралдағы өртке өзінің қатысы
Ол өздерінің құқық бұзушылық жасағаны туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарып, өрт тудыратындай әрекет жасамағанын жеткізді.
Яхтадағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық. Мен де, менің қонақтарым да яхта экипажынан немесе үшінші тараптардан өртке әкелуі мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасауды сұрамадық»,- деп мәлімдеген миллионер.