Алматыдан Үндістанның Гоа қаласына бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Делиге шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Соның салдарынан жолаушылар межелі жеріне уақытында жете алмай отыр.
Әлеуметтік желіде жолаушылар ұшақ ішінде шамамен 1,5 сағат бойы ешқандай нақты ақпарат күткендерін жазды. Олардың айтуынша, рейстің қашан жалғасатыны және Гоаға қай уақытта жететіндері әзірге белгісіз.
FlyArystan әуе компаниясы рейстің операциялық себептерге байланысты кешігіп жатқанын растады.
Компания өкілдері жолаушыларды қонақүйге орналастыру және тамақпен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылғанын хабарлады.
Сондай-ақ рейс кестесіндегі өзгерістер туралы ақпарат жолаушылардың брондау кезінде көрсеткен байланыс нөмірлеріне жіберілетінін ескертті.
Айта кетейік, бұл – чартерлік рейс. Сондықтан билетке қатысты сұрақтар мен өтініштерді жолаушылар билетті рәсімдеген орынға жолдауы қажет.