Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына салтанатты түрде енгізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Салтанатты рәсім АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтті.
Осылайша, Головкин Қазақстан тарихында бұл мәртебелі ұйымға қабылданған алғашқы спортшы болды.
Халықаралық бокс даңқы залына ену – кәсіби бокс әлеміндегі ең жоғары марапаттардың бірі. Енді қазақстандық чемпионның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді әйгілі боксшылармен бір қатарда тұр.
Бұл оқиға қазақстандық спорт үшін тарихи жетістік саналады және Геннадий Головкиннің әлемдік бокстағы зор еңбегінің мойындалғанын көрсетеді.