Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Қырғызбаев финалға дейін сәтті жетті. Алтын медаль үшін өткен кездесуде ол Жапонияның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абемен күш сынасты.
Шешуші белдесуде жапониялық спортшы басым түсіп, қазақстандық балуан турнирді күміс медальмен аяқтады.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қола жүлде үшін күресті. Алайда ол Ресей өкілі Аюб Блиевтен жеңіліп, жарысты жүлдесіз аяқтады.