Мазмұнға өту
qandastar.

Халық кеңесінің бюджеті жарияланды

Малика Хамит · · 22 қаралым
Халық кеңесінің бюджеті жарияланды

Халық кеңесінің жұмысына жыл сайын 1,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді.

2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын депутаттарға таныстыру кезінде Халық кеңесі үшін жеке бюджеттік бағдарлама енгізілгені белгілі болды.

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, жаңа бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде Қазақстан Халық кеңесі белгіленген.

Халық кеңесінің қызметіне 1,7 млрд теңге қарастырып отырмыз
деді ол.

Айта кетейік, бұл қаржы Халық кеңесінің бір жылдық қызметіне жоспарланған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp