Мазмұнға өту
qandastar.

«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражаттың әр теңгесі тексеріледі

Малика Хамит
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражаттың әр теңгесі тексеріледі

Қазақстанда «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық бағдарламасына бөлінген қаражаттың қалай жұмсалып жатқанына мемлекеттік комиссия бақылау жүргізеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оның құрамын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітті.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Жаңа комиссияның басты міндеті – бағдарламаның жобалары уақытында әрі сапалы орындалуын қадағалау және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.

Бақылау жұмыстары жобаларды жоспарлау мен қаржы бөлуден бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Сонымен қатар комиссия:

мемлекеттік сатып алулардың мерзімін, құнын және заңдылығын тексереді;

тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды;

анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлейді;

бағдарламаның орындалуы туралы Президентке тоқсан сайын және жыл сайын есеп береді.

Комиссияның жұмысын үйлестіру Жоғары аудиторлық палатаға жүктелді.

Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес өкілдері кірді.

Осылайша, «Халықтық құрылыс» бағдарламасының қаржысы мен жобалардың орындалуы бақылаудың барлық кезеңінде назарда болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp