Мазмұнға өту
qandastar.

Харри Кейн тарихи жетістікке жетті: «Алтын допты» алғаш рет жеңіп алды

Малика Хамит
Харри Кейн тарихи жетістікке жетті: «Алтын допты» алғаш рет жеңіп алды

Англия құрамасы мен «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн мансабында алғаш рет әлемдік футболдағы ең беделді жеке марапаттардың бірі – «Алтын допты» иеленді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

33 жастағы футболшы дауыс беру қорытындысы бойынша Килиан Мбаппе мен Ламин Ямальдан басым түсіп, үздік ойыншы атанды.

Кейн үшін 2025/26 жылғы маусым ерекше табысты болды. Ол клубы мен ұлттық құрама сапында 73 гол соғып, Германия чемпионаты мен ел кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Еуропаның «Алтын бутсы» марапатына ие болды.

Бұл жеңіс арқылы Харри Кейн ағылшын футболының тарихына енді. Ол соңғы 25 жылда «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы Англия өкілі атанды. Бұған дейін бұл марапатқа 2001 жылы Майкл Оуэн қол жеткізген.

Кейннің бұл жетістігі оның мансабындағы ең маңызды белестердің бірі болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp