Мазмұнға өту
qandastar.

Хасан Қасымбаев ұсталды

bahitzhanabzal · · 229 қаралым
Хасан Қасымбаев ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін көпшіліктің қызу талқысына түскен "Хутор бандасының" басшысы делінген Хасан Қасымбаев ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Алматы облысы полиция департаменті Қасымбаев 2 қараша күні ұсталғанын мәлім етті.

2024 жылғы 2 қарашада Азамат Қ. 2021 жылы маусымда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, азамат А-ны ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын жан-жақты, толық, объективті түрде қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс материалдары сотқа бұлтартпау шарасы үшін жолданды. Тергеу облыстық полиция департаменті басшысының бақылауында” делінген ПД хабарламасында.
Дәйексөз

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде

сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

Бөлісу: Telegram WhatsApp