Мазмұнға өту
qandastar.

Холанд дубль жасап, Норвегия Бразилияны жарыстан шығарды

Малика Хамит · · 48 қаралым
Холанд дубль жасап, Норвегия Бразилияны жарыстан шығарды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегия құрамасы Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Кездесудің алғашқы бөлігінде Бразилия ойын тізгінін өз қолында ұстап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, норвегиялық қорғаушылар сенімді ойнап, есеп ашылған жоқ.

Екінші таймда Норвегия қарымта шабуылдарға басымдық берді. Матчтың 79-минутында Эрлинг Холанд есеп ашса, 90-минутта дубль авторы атанды. Осылайша шабуылшы турнирдегі гол санын беске жеткізді.

Қосымша уақыттың 99-минутында Неймар пенальтиден бір гол соққанымен, Бразилия жеңілістен құтыла алмады.

Осылайша Норвегия сенсациялық жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Еске салайық, бұған дейін 1/8 финалда Франция Парагвайды 1:0, ал Марокко Канаданы 3:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp