Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласына жақын орналасқан шахтада тау жыныстары опырылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қайғылы жағдай 20 қазанда болған.
Оқиға Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында болған. Кеншілер сақтандыру бекітпесін орнатып жатқан кезде төбеден тау-кен массасы құлаған. Салдарынан ұңғылаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Іс тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша тергеліп жатыр.
Қазір құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Дөң тау-кен байыту комбинаты марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.