Мазмұнға өту
qandastar.

«I’m really sorry»: Тоқаев Кариннен кешірім сұрады (ВИДЕО)

bahitzhanabzal · · 374 қаралым
«I’m really sorry»: Тоқаев Кариннен кешірім сұрады (ВИДЕО)

Ұлттық құрылтай барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннен аталған лауазымның таратылуына байланысты әзіл-қалжыңмен кешірім сұрады, деп жазады qandastar.kz

Журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдан видео жариялады. Кадрлардан мемлекеттік кеңесші қызметін тарату туралы шешімді жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ерлан Каринге қарап, әзіл ретінде кешірім сұрағанын көруге болады. Айта кетейік, қазіргі таңда бұл қызметті Ерлан Карин атқарып отыр.

Мемлекет басшысы Каринге қарап: «I’m really sorry (шынымен де кешіріңіз)» деді
деп жазылған видеода.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp