Мазмұнға өту
qandastar.

ІІМ акциясы аясында екі күнде азаматтарға 627 көмек көрсетілді

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Қазақстанда 5-6 қараша күндері Ішкі істер министрлігінің «Сұраңыз. Біз жаныңыздамыз» республикалық акциясы өтті. Екі күн ішінде азаматтарға 627 түрлі көмек көрсетіліп, тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Акция барысында полиция қызметкерлері Threads әлеуметтік желісі және басқа да байланыс арналары арқылы азаматтармен тікелей байланыс орнатты.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсететін ұйымдардың мамандары қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың мәселелерін жедел шешуге көмектесу, құқықтық сауаттылығын арттыру және халық пен полиция арасындағы байланысты нығайту.

Мұндай бастамалар тұрғындардың мемлекеттік органдарға өтініш білдіруіне және қажетті көмекті дер кезінде алуына мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp