Мазмұнға өту
qandastar.

ІІМ елден кеткен қандастардың есебін жүргізбейтіні белгілі болды

bahitzhanabzal · · 357 қаралым
ІІМ елден кеткен қандастардың есебін жүргізбейтіні белгілі болды

Фото; gov.kz

Жыл басынан бері 8758 адам қандас мәртебесін алып, барлығы елге оралды, - деп хабарлайды  qandastar.kz.

Таяқтың екі ұшы демекші, алты ай көлемінде тағы 3287 отандасымыз туған жерге оралғысы келгенмен, мүмкін болмаған. Негізгі себеп – құжаттардың толық ұсынылмауы.

Сандарды сөйлетсек, 2017-2023 жылдар аралығында еліміздің солтүстік және орталық аймақтарына 10,9 мың қандас қоныстандырылды.

"Власть о главном" телеграм арнасы жазғандай, ең қызығы Ішкі істер министрлігі қандас мәртебесін алып, туған жерге оралған, алайда елден қайта көшіп кеткендердің есебін жүргізбейді...

Бөлісу: Telegram WhatsApp