Мазмұнға өту
qandastar.

ІІМ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу мәселесін талқылады

Бақытжан Мұса
gov.kz
gov.kz

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу – ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Қ.К. Кариннің қатысуымен өңірлік полиция департаменттері басшыларының орынбасарларына арналған бейнеконференция форматында кеңес өткізілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы төбелес, буллинг және білім беру ұйымдарындағы өзге де заңға қайшы әрекеттердің алдын алуға назар аударылды. Сонымен қатар мектептерге іргелес аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін күшейту мәселелері қарастырылды.

Кеңес барысында азаматтардың электрондық өтініштерімен жұмыс істеу сапасына да ерекше назар аударылды. Әрбір өтінішті формалды түрде қарауға жол бермеу, оларды объективті әрі жан-жақты зерделеу қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша өңірлік полиция бөлімшелеріне қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp