Мазмұнға өту
qandastar.

Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан ауыр атлет Алмас Өтешевтің жағдайын көрсетті (видео)

bahitzhanabzal · · 385 қаралым
Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан ауыр атлет Алмас Өтешевтің жағдайын көрсетті (видео)

Фото: Видеодан скриншот   

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан әріптесі, ауыр атлет Алмас Өтешевтің жағдайын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин маскүнемдіктен емделу үшін ауруханаға жатқызған өзінің командалық әріптесі, жақын досы Алмас Өтешовтің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

“Уәде еткенімдей, сіздерге Алмас досымның қал-жағдайын көрсеткелі отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында емделіп жатыр. Ендеше, осы қиын жолда оның сауығып кетуіне күш-қуат тілейік", - деді Ильин.

Айта кетейік, бұған дейін Азия чемпионы Алмаз Өтешов "Уақыт көрсетеді" подкастында қиын кезеңдерді бастан өткергенін айтқан еді. Оның қазір күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp