Мазмұнға өту
qandastar.

Instagram 10 жылдан кейін логотипін жаңартты

Бақытжан Мұса · · 621 қаралым
Instagram 10 жылдан кейін логотипін жаңартты

Instagram әлеуметтік желісі қолданба интерфейсіндегі жоғарғы логотипін жаңартты. Бұл – 2016 жылдан бергі алғашқы өзгеріс, дейді Qandastar.kz.

Компания басшысы Адам Моссеридің айтуынша, жаңа логотип ықшам әрі заманауи үлгіде әзірленген. Сонымен қатар онда Instagram-ның алғашқы брендтік стиліне тән элементтер сақталып, қосымшаның қарапайым әрі танымал дизайнына басымдық берілген.

Моссери логотиптің он жыл бойы өзгеріссіз қолданылғанын айтып, енді оны жаңарту уақыты келгенін жеткізді. Оның сөзінше, жаңа дизайн қосымшаның бастапқы болмысын сақтай отырып, қазіргі заман талаптарына бейімделген.

Айта кетейік, Instagram 2010 жылы іске қосылып, алғашында Polaroid камерасына ұқсас логотипті пайдаланған. Ал 2016 жылы әлеуметтік желі алғаш рет ауқымды ребрендинг жасап, логотипі мен жалпы дизайнын түбегейлі өзгерткен еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp