Мазмұнға өту
qandastar.

Instagram мен TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандардан 124,8 млн теңге өндірілді

Малика Хамит 18 қаралым
Instagram мен TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандардан 124,8 млн теңге өндірілді

Астанада Instagram мен TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырған екі адамнан 124,8 млн теңгеден астам ақша өндірілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Елорда прокуратурасы заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық істер бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Сот үкімдері шыққаннан кейін прокурорлар қылмыстық жолмен алынған кірісті мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы талап қойған. Нәтижесінде екі іс бойынша да талап толық қанағаттандырылды.

Осылайша, Instagram және TikTok арқылы заңсыз құмар ойын ұйымдастырған екі адамнан 124,8 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Прокуратура лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотерея ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық екенін ескертті.

Заңсыз ойын бизнесінен табыс табу мүлікті тәркілеуге, белгілі бір қызметпен айналысу немесе лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруға және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp