Мазмұнға өту
qandastar.

Интернеттегі жазбасы үшін қазақстандықтар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

bahitzhanabzal · · 498 қаралым
Интернеттегі жазбасы үшін қазақстандықтар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: URA.RU

Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру фактілерінің көбейгенін мәлімдеді. Мұндай құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Instagram, TikTok және Threads платформаларында тіркелген, деп хабарлайды qandastar.kz

Осыған байланысты прокурорлар азаматтарға ҚР Конституциясында бекітілген ұлтаралық келісімге қатер төндіретін кез келген әрекетке тыйым салынатынын еске салды.

Заңға сәйкес, мұндай қылмыс жасағандар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал ауыр зардаптарға әкелген жағдайда жаза мерзімі 12 жылдан 20 жылға дейін ұзаруы ықтимал.
Дәйексөз

Бұл қылмыстар экстремистік санатқа жатады және амнистия қолданылмайды. Сондай-ақ жазба авторының көпшілік алдында кешірім сұрауы да оны жауапкершіліктен босатпайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp