Каспий жағалауында блогерлер құтқарушылардың жұмысын көріп, таңданысын жасырмады, деп хабарлайды
порталы.
Танымал қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым мен Иорданиядан келген контент жасаушы Юсеф Хаттаб Каспий теңізі жағалауында қызмет атқарып жүрген ТЖМ құтқарушыларымен кездесті.
Қонақтарға теңіздегі төтенше жағдайларға арналған арнайы техника, құтқару жабдықтары және судағы адамдарды құтқару тәсілдері таныстырылды. Блогерлер құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, олардың жоғары дайындық деңгейін ерекше атап өтті.
Құтқарушылардың жұмысы оңай емес. Олар адамдардың өмірін сақтау үшін тәулік бойы дайын жүреді. Бұл үлкен құрметке лайық мамандық
ТЖМ мамандары жазғы маусымда судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын еске салды. Ведомствоның айтуынша, қауіпсіздік ең алдымен әр адамның өз жауапкершілігінен басталады.