Мазмұнға өту
qandastar.

Иран FIFA-дан Әлем кубогы матчында ЛГБТ атрибуттарын қолданбауды сұрады

Бақытжан Мұса · · 89 қаралым
Иран FIFA-дан Әлем кубогы матчында ЛГБТ атрибуттарын қолданбауды сұрады

Иран футбол федерациясы FIFA-дан 2026 жылғы Әлем кубогы аясында Мысыр құрамасымен өтетін матч алдында ЛГБТ тақырыбындағы рәсімдер мен жарнамаларды қолданбауды сұрады, дейді Qandastar.kz сайты Independent порталына сілтеме жасап.

Кездесу АҚШ-тың Сиэтл қаласында өтеді. Дәл сол күні қалада ЛГБТ қауымдастығына арналған іс-шаралар жоспарланған. Иран мен Мысыр футбол федерациялары стадионда осы бағыттағы кез келген рәсімдердің өткізілуіне қарсылық білдірді.

FIFA өз кезегінде стадион аумағына кемпірқосақ түсті жалауларды алып кіруге тыйым салынбайтынын мәлімдеді. Бұл шешімге екі елдің футбол өкілдері наразылық танытты. Мысырда гомосексуалдық қатынастар заңмен шектелсе, Иранда мұндай әрекет үшін өлім жазасы қарастырылған.

Матч Қазақстан уақытымен 08:00-де басталады. Қазіргі таңда екі тең ойыннан кейін Иран өз тобында екінші орында, ал Мысыр төрт ұпаймен көш бастап тұр.

Сонымен қатар АҚШ билігі Иран құрамасы ойыншыларына матчтан кейін елден кетуге төрт сағат уақыт берілгенін хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp