Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың негізгі шартын атады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.
Оның айтуынша, егер Иран билігі Тегеранға қарсы шабуылдардың қайталанбайтынына толық сенімді болса, аймақтағы қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік бар.
Казем Гариб-Абади БҰҰ Жарғысында өзін-өзі қорғау шараларын тоқтатудың нақты талаптары көрсетілгенін атап өтті. Сол талаптардың бірі – агрессия әрекеттерінің қайта жасалмайтынына кепілдік беру.
«Өзін-өзі қорғап отырған мемлекет ретінде сіз мұндай агрессияның қайталанбауын қамтамасыз етуіңіз керек. Егер бұл мәселе шешілсе, онда шабуылдардың қайта жасалмауы қажет», – деді ол.
Сондай-ақ ол егер атыс тоқтатылғаннан кейін алты ай өткен соң Иранға қайтадан шабуыл жасалса, мұндай келісімнің ешқандай мағынасы болмайтынын айтты.