Мазмұнға өту
qandastar.

Ираннан 52 қазақстандық елге қайтарылды

Малика Хамит · · 99 қаралым
Ираннан 52 қазақстандық елге қайтарылды

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды

порталы.

Эвакуация басталғалы бері 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.

Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда.

Ирандағы дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 қазақстандық азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлауда. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды
делінген мәлімдемеде.

Өңірдегі дипломаттар эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp