Мазмұнға өту
qandastar.

Ираннан Қазақстанға 53 қандас көшіріліп әкелді

qandastar · · 670 қаралым
Ираннан Қазақстанға 53 қандас көшіріліп әкелді

"Иран ислам республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Жатақханаға орналастырамыз. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады" деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.

Қазақстанға барлығы 20 отбасы келген. 53 адамның 25-і – бала.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жыл басынан бері 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. 1991 жылдан бері елге 1 млн. 82,8 мың этникалық қазақ оралған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp