Мазмұнға өту
qandastar.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

bahitzhanabzal · · 352 қаралым
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: Sputnik.kz Акция басталғалы Атырау облысы аумағында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3 мыңнан астам дерегі, абаттандыру қағидасын бұзудың 700-ден аса дерегі анықталып, құқық қорғау қызметкерлері шара қолданды, - деп хабарлайды qandastar.kz Türkistan.kz  сілтеме жасап.
Қазір елімізде табиғатты қорғау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Сол себептен қоғамдық орынды ластау дерегі тіркелген жағдайда ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 18 460 теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлады ІІМ. Ал тазалықты сақтамай, абаттандыру қағидаты сақталмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінен 100 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл көзделген, – деп қосты ведомство.

Акция басталғалы Атырау облысы аумағында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3 мыңнан астам дерегі, абаттандыру қағидасын бұзудың 700-ден аса дерегі анықталып, құқық қорғау қызметкерлері шара қолданды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp