Мазмұнға өту
qandastar.

Ішкі істер вице-министрі Бишімбаев пен Қайратқа рақымшылық болмайтынын айтты

Бақытжан Мұса · · 969 қаралым
Ішкі істер вице-министрі Бишімбаев пен Қайратқа рақымшылық болмайтынын айтты

2026 жылғы 3 маусымда Мәжілісте өткен брифинг барысында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаевқа қатысты рақымшылықтың қолданылу мүмкіндігі жөніндегі сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz пориалына сілтеп. Бұл сұрақты журналистер қойған болатын.

Вице-министрдің айтуынша, аталған тұлғаларға рақымшылық қолдану мүмкін емес.

«Сіздер атап өткен адамдарға қатысты айтарым – жауап анық: үзілді-кесілді жоқ», – деді Санжар Әділов.

Ол мұның себебін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі шектеулермен түсіндірді. Оның сөзінше, ҚК-тің 78-бабы терроризм, экстремизм, мемлекеттік опасыздық, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар үшін рақымшылық қолдануға тыйым салады.

«Сондықтан бұл санаттағы тұлғаларға рақымшылық жасау мәселесі қарастырылмайды және болашақта да қаралуы мүмкін емес», – деп атап өтті ол.

Бұған дейін елде жемқорлыққа, педофилияға және терроризмге қатысты істер бойынша сотталғандарға рақымшылық берілмейтіні туралы хабарланған болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp