Мазмұнға өту
qandastar.

"Ішпеймін, шекпеймін, оңды-солды жүрмеймін". Анна Данченко қандай өмір салтын ұстанатынын айтты

bahitzhanabzal · · 726 қаралым
"Ішпеймін, шекпеймін, оңды-солды жүрмеймін". Анна Данченко қандай өмір салтын ұстанатынын айтты

Фото: ашық дереккөз

Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченко әлеуметтік желіде қандай өмір салтын ұстанатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Анна Данченкоға оқырманы "Темекі шегесіз бе?" деген сұрақ қойған. Журналист "Ішпеймін! Шекпеймін! Оңды-солды жүрмеймін! Бірақ бұл сіздерге мінсіз болып көріну үшін емес! Мен өзін-өзі жасаған адаммын! Мен кадр сыртында да, кадрда да қалай бармын, солай жүремін. Бұл менің тәрбием мен таңдауым!
деп жауап берді.

Ешкімді мінсіз деп ойлаудың қажеті жоқ екенін айтқан Анна Данченко: "Егер мен сізге ұнамайтын бірнәрсе жасасам да, бұл - менің таңдауым. Тырысқаным үшін Жаратқан маған сый береді, қателігім үшін де мені айыптайтын сіз емессіз!", - деп жазды.

Жауабының соңын сәл жұмсартып, әзілге айналдырған журналист "Мен де адаммын. Мысалы екі ай ұстанып жүргеніме қарамастан дұрыс тамақтану жүйесін бұздым, балмұздақ пен тәтті бәліштерді жақсы көретін адаммын", - деп күлді.

 

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp