Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында өткен кездесуде есепті 22-минутта Микель Оярсабал пенальтиден ашты.
Екінші таймның 58-минутында Педро Порро Дани Ольмоның нәтижелі пасын голға айналдырып, испандардың басымдығын арттырды.
Осылайша, Испания құрамасы 16 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. Еске салсақ, команда 2010 жылы әлем чемпионы атанған болатын. Енді испандар алтын жүлде үшін Англия мен Аргентина арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Ал Франция құрамасы соңғы үш әлем чемпионатында алғаш рет финалға өте алмады. Бұған дейін француздар 2018 жылы чемпион атанса, 2022 жылы финалда Аргентинаға жол берген еді.
Айта кетейік, Францияның бас бапкері Дидье Дешам бұл кездесуде әлем чемпионаттарындағы 26-матчын өткізіп, турнир тарихындағы ең көп ойынға шыққан бапкер ретінде рекорд жаңартты.