Мазмұнға өту
qandastar.

«Іспен толық танысуым керек»: Ұлдана Мырзуан ісінде сотта тосын жағдай болды

Малика Хамит · · 20 қаралым
«Іспен толық танысуым керек»: Ұлдана Мырзуан ісінде сотта тосын жағдай болды

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесінде күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айыпталушы тараптың жаңадан қосылған қорғаушысы судьяға қарсылық білдірді.

Сот отырысында Сәуле Жұбаниязованың жаңа адвокаты Асхат Алимов істің материалдарымен толық танысуға уақыт қажет екенін айтып, процесті кейінге қалдыруды сұраған. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмаған.

Осыдан кейін қорғаушы судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдіріп, оның істі әрі қарай қарауына наразылық танытты.

Іс бойынша Сәуле Жұбаниязоваға өз міндеттеріне адал қарамады деген айып тағылған. Ол тұрғын үйдегі мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) төрағасы болған.

Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанада болған. Тұрғын үйдің қасбеті опырылып, оқиға орнына көмек көрсетуге барған екі фельдшердің үстіне кондиционер құлаған. Жалпы бес адам жарақат алған.

Екі медицина қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Алайда 18 қарашада фельдшер Ұлдана Мырзуан алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

Қазір осы оқиғаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Адвокаттың судьяға білдірген қарсылығы бойынша соттың шешімі әзірге белгісіз.

Бөлісу: Telegram WhatsApp