Фото: Азаттық радиосы
Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады,
деп жазады qandastar.kz
Биыл 2 мамырда сотқа сотталушыдан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түскен.
Бұл өтініш әлі қаралған жоқ
Айта кетейік, Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы № 46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Былтыр "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке сот үкімі шыққан.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бабы
4-бөлігінің 2) тармағы).
Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.