Мазмұнға өту
qandastar.

Италияда қазақстандық жігіттің мәйіті табылды

Малика Хамит · · 68 қаралым
Италияда қазақстандық жігіттің мәйіті табылды

Италияның Калабрия аймағындағы жағалаудан Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды

порталы.

Қайтыс болған азамат – Орал қаласының тұрғыны Нұрдәулет Машаріпов.

Бұл туралы желі қолданушысы Дінмұхамет Мұхтаров хабарлады.

Оның айтуынша, марқұм Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі болған.

Біздің түлегіміз және Оралдағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің шәкірті Нұрдәулет Машаріпов Италияда қайғылы түрде қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Қазіргі уақытта оның денесін Отанына, Қазақстанға тасымалдауға қаражат жинау жүргізілуде. Жалпы шығын 8000 €. Осы қиын уақытта Нұрдәулеттің отбасы үшін кез келген көмек пен қолдау өте құнды
деп жазды Дінмұхамет Мұхтаров.

Италияның жергілікті басылымдары да Вибоне провинциясындағы Бриатико жағалауында 20-30 жас шамасындағы ер адамның денесі табылғанын жазды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, марқұмның денесі жартастардың арасынан табылған. Алғашқы кезде ұзын шашына байланысты оны әйел адам болуы мүмкін деп болжаған.

Бұл 20-30 жастағы ер адам, оның жеке басы әлі анықталмаған. Алғашқы тергеулерге сәйкес, ол табылардан он бес сағат бұрын қайтыс болған. Денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, бірақ жарақаттар бар. Ол жартасқа соғылу салдарынан болуы мүмкін. Марқұмның қалтасында ұялы телефоны болған, сондай-ақ киімі мен әмияны табылды
деп жазды италиялық басылым.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтың қаза болғанын растады.

Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен Италияның құзыретті органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазақстандық дипломаттар туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді
деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp