Қарағандыда 19 жастағы қызды бұрынғы күйеуі аяусыз соққыға жыққан. Ауыр жарақаттар салдарынан дәрігерлер оның көкбауырын алып тастауға мәжбүр болған, деп хабарлайды
порталы.
Оқиғаның мән-жайы туралы «
» газеті жазды. Риза есімді қыз болашақ күйеуімен спорт залда танысқан. Танысу кезінде ол небәрі 16 жаста болған, ал ер адам 32 жаста еді.
Қыздың айтуынша, жақын қатынас оның еркінен тыс болған, ол 17 жасында жүкті болып, тұрмысқа шығуға мәжбүр болған. Ризаның ата-анасы бұл жағдайдан бейхабар болған.
Тұрмысқа шыққаннан кейін жанжалдар мен ұрып-соғу жиілей түсті. Күйдірген кезі де болған. Ол мені видеоға түсуге мәжбүрлеп, егер кетіп қалсам солар арқылы бопсалайтын. Ұрған сайын денсаулығым нашарлай берді
Бұрынғы күйеуі оны жүйелі түрде ұрып-соғып, толық бақылауда ұстаған.
Әр жанжалдан кейін түрлі тәсілмен жазалайтын... Бір күні оны далаға алып барып, құбырмен ұрып, үстіне қайнаған су құйған. Осыдан кейін қыздың арқасында іздер қалып қойған
Кейін ер адам ажырасуға өтініш берген. Неке бұзылғаннан кейін де келіншек ұлы үшін онымен бірге тұруын жалғастырған. Сәуір айында болған жанжал кезінде ол ауыр жарақат алған. Соның салдарынан шұғыл ота жасалып, Ризаның көкбауырын алып тастаған.
Қарағанды облысының полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Осы жылдың 11 сәуірінде Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелердің біріне 19 жастағы жергілікті тұрғын дене жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінген. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Сонымен қатар, бұған дейін жәбірленуші бұрынғы жұбайы тарапынан жасалған зорлық-зомбылық немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер туралы полиция органдарына арызданбағаны атап өтілді.
Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жан-жақты көмек көрсету мақсатында оны уақытша дағдарыс орталығына орналастыру туралы шешім қабылданды. Онда оған қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қауіпсіз уақытша баспана ұсынылады