Мазмұнға өту
qandastar.

«Қайрат» бас бапкердің ауысуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Бақытжан Мұса · · 111 қаралым
«Қайрат» бас бапкердің ауысуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы бас бапкердің ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасап, бұл деректердің шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ сілтеп жазды.

Клубтың баспасөз қызметі ақпараттық кеңістікте тараған қауесеттерді жоққа шығарып, қазіргі бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен оның бапкерлер штабына толық сенім артылатынын мәлімдеді. Оның келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін күшінде.

Мәлімдемеде бас бапкер қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс жоспарланып отырмағаны атап өтілді. Қазіргі таңда команда оның жетекшілігімен ішкі және халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп, маусымның жеті турынан кейін Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында келеді.

Сондай-ақ клуб өкілдері мұндай ақпараттарды команда ішінде алауыздық туғызу және жұмыс атмосферасын бұзу әрекеті ретінде бағалады. Олар бұл қауесеттер клубтың бірлігіне және алға қойған мақсаттарына әсер етпейтінін жеткізді.

«Қайрат» жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратқа ермеуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp