Мазмұнға өту
qandastar.

"Қайрат" бельгиялық "Брюггеден" 1:4 есебімен жеңілді

bahitzhanabzal · · 68 қаралым
"Қайрат" бельгиялық "Брюггеден" 1:4 есебімен жеңілді

Алматылық "Қайрат" футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының жетінші туры аясында бельгиялық "Брюгге" командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді, деп жазады qandastar.kz

Матч "Астана арена" стадионында өтті. Кездесудің 32-минутында Александр Станкович есеп ашты. Екінші голды 38-минутта Ханс Ванакен соқты. 74-минутта Ромео Верман есепті еселеді. Төртінші голды Брэндон Мехеле 84-минутта соқты. "Қайрат" сапынан жалғыз голды 92-ші минутта Әділет Сәдібеков соқты.

"Қайраттың" жалпы турнирлік кестеде бір ойыны қалды: 28 қаңтарда Лондонның "Арсеналымен" сырт алаңда ойнайды.

Еске сала кетейік, "Қайрат" бұған дейін грекиялық "Олимпиакосқа" есе жіберген болатын. Есеп – 0:1. Матч былтыр 9 желтоқсанда "Астана Арена" стадионында өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp