Мазмұнға өту
qandastar.

Қайрат Боранбаевтың меншігіне қатысты тың ақпар шықты

bahitzhanabzal · · 207 қаралым
Қайрат Боранбаевтың меншігіне қатысты тың ақпар шықты
Фото: prosports Бизнесмен Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ «газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырғаны» үшін сотталған еді.
Бизнесмен Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «Алмалы» сауда үйі енді балалардың Ғылым музейіне айналады. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында Алматының әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайдыqandastar.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. «Алматыдағы бұрынғы «Алмалы» сауда орталығының базасында Science Museum Singapore-мен бірлесіп, балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым музейін ашылады, тиісті жұмыс 2025 жылы ашылады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлу жоспарланған», - деді Ерболат Досаев. Еске салсақ, бизнесмен Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ «газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырғаны» үшін сотталған еді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp