Фото: ашық дереккөз
Алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қатарынан екі жеңіліске ұшырап, турнирлік кестеде соңғы орынға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz
Клуб сырт алаңда Португалияның "Спортинг" командасынан 1:4 есебімен ұтылса, өз алаңында Испанияның әйгілі "Реал Мадридіне" 0:5 есебімен есе жіберді.
Аталған екі ойында да жеңіліске ұшыраған "Қайраттың" еншісінде әзірге бірде-бір ұпай жоқ. Жалпы есепте салынған және жіберілген доп айырмасы -8 болып, қазақстандық команда турнир кестесінде 36-орынға орналасты.
Айта кетейік, Алматының Орталық стадионында өткен матчта мадридтік "Реал" алаң иелерін 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңген болатын. Кездесуден кейін "Реалдың" бас жаттықтырушысы Хаби Алонсо ойынға қатысты пікір білдіріп, Алматы қаласы өзіне ұнағанын және мұнда көбірек уақыт өткізгісі келетінін айтты.