Мазмұнға өту
qandastar.

Қайрат Нұртастың концертіне бармақ болған студент алаяққа тап болды

Малика Хамит · · 89 қаралым
Қайрат Нұртастың концертіне бармақ болған студент алаяққа тап болды

Абай облысында Қайрат Нұртастың концертіне билет сатып алмақ болған студент алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды

порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы концерт билетін сататынын айтқан бейтаныс адамға сеніп, 10 мың теңге аударған. Алайда ақша жіберілгеннен кейін уәде етілген билет берілмеген.

Жәбірленуші полицияға жүгініп, оқиға бойынша тексеру басталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Күдікті – Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны. Ол өз кінәсін мойындады. Ұрланған қаражат жәбірленушіге қайтарылды
деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы жасалатын сатып алулар кезінде сақ болуға кеңес береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp