Әнші Қайрат Нұртас алдағы концертіне қызу дайындалып жатыр. Репетиция барысында өнер иесін отбасы арнайы келіп, қолдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Әншінің анасы, жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова және балалары дайындық залына барып, Қайратқа сәттілік тіледі.
Репетиция кезінде Жұлдыз Әбдікәрімова сахнаға шығып, жұбайымен бірге биледі. Бұл сәт дайындық барысын одан әрі жандандыра түсті.
Қайрат Нұртас музыкалық ұжыммен бірге жанды дауыста ән айтып, алдағы концерттің бағдарламасын пысықтап жатыр.