Мазмұнға өту
qandastar.

"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығады

bahitzhanabzal · · 157 қаралым
"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығады

"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны билеттері шамамен 20 қыркүйекте сатылымға шығады, деп хабарлайды Qandastar.kz. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Қолымыздағы ақпарат бойынша, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады
деді Жарасбаев.

Вице-министр ойын билеті қанша тұратынын білмейтінін, "Қайрат" клубы бағаны сұранысқа сүйеніп белгілейтінін айтты. Айтуынша, билеттерді "Қайрат" клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Айта кетейік, "Қайрат" – "Реал Мадрид" кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp