Мазмұнға өту
qandastar.

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі базар қайта сатылымға шығарылды

Малика Хамит · · 96 қаралым
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі базар қайта сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған «Байсат» базары электронды аукционға арзандатылған бағамен қайта шығарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Аукцион E-Qazyna порталында 5 ақпан күні сағат 12:00-ге жоспарланған.

«Байсат» базарының бастапқы бағасы – 24 миллиард 772 миллион теңге.

Бұған дейін «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығындағы үлесі алғаш рет былтыр қарашада сатуға шығарылған болатын.

Алайда сол кезде сауда өтпеді: аукцион басталған кезде объектіге тіркелген қатысушылар болған жоқ.

Желтоқсанның аяғында базар қайтадан саудаға шығарылды. Сол кезде «Байсаттың» бастапқы бағасы 26,7 миллиард теңге болды, бірақ сатып алушылар табылмады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp