Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы «Қайрат» пен «Ұлытау» арасындағы 9-тур матчы жабық режимде өтеді. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, дейді Qandastar.kz.
Кездесу 15 тамыз күні сағат 18:00-де Т.С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол академиясының алаңында өтеді. Матчтың бастапқыда Орталық стадионда ұйымдастырылуы жоспарланған еді, алайда концерттен кейінгі демонтаж жұмыстарына байланысты ойынның орны өзгертілді.
Клубтың хабарлауынша, академия стадионындағы инфрақұрылымдық шектеулер мен трибуналардың сыйымдылығының аз болуына байланысты жанкүйерлер матчқа жіберілмейді. Дегенмен, кездесу KFF League YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, 14 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді.