Мазмұнға өту
qandastar.

«Қайраттың» бас бапкері ауысуы мүмкін бе? Футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

Малика Хамит · · 254 қаралым
«Қайраттың» бас бапкері ауысуы мүмкін бе? Футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

«Қайрат» футбол клубы ақпараттық кеңістікте тараған бас бапкердің ауысуы мүмкін екені туралы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды, деп жазады

порталы.

Бұл туралы футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

Клуб Рафаэль Уразбахтинге және оның бапкерлер штабына толық сенім білдіреді. Маманның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін жарамды. Бас бапкер қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс қарастырылып жатқан жоқ. Оның жетекшілігімен команда ішкі және халықаралық ареналарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді, ал ағымдағы маусымда жеті турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынды иеленіп отыр
делінген мәлімдемеде.

«Қайрат» ФК мұндай жарияланымды команда төңірегінде жасанды түрде шиеленіс туғызу және клуб ішіндегі жұмыс атмосферасын тұрақсыздандыру әрекеті ретінде бағалайды.

Бұл әрекет клубтың бірлігіне, таңдалған бағытқа деген сеніміне, алға қойған мақсаттарына әсер етпейді
делінген мәлімдемеде.

«Қайрат» әкімшілігі тек клубтың ресми мәлімдемесіне сүйенуді сұрайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp