Мазмұнға өту
qandastar.

Канада Қатар қақпасына алты гол соғып, плей-оффқа жақындай түсті

Бақытжан Мұса · · 47 қаралым
Канада Қатар қақпасына алты гол соғып, плей-оффқа жақындай түсті

Футболдан Канада құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчында Қатарды ірі есеппен жеңді, дейді Qandastar.kz.

В тобындағы кездесу Ванкувер қаласындағы «Би-Си» стадионында өтіп, алаң иелері қарсылас қақпасына жауапсыз алты гол соқты — 6:0.

Канада шабуылшысы Джонатан Дэвид хет-трик авторы атанып, 29, 45+3 және 90+2-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ Кайл Ларин 16-минутта, Натан Салиба 64-минутта гол соқты. Ал Қатар жартылай қорғаушысы Мохаммад Әл-Маннаи 75-минутта өз қақпасына доп енгізіп алды.

Матч барысында Қатар құрамасының екі ойыншысы — Хомам Ахмед пен Ассим Мадибо қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Екі тур қорытындысы бойынша Канада мен Швейцария төрт ұпайдан жинап, В тобында көш бастап тұр. Екі құрама 25 маусымда өтетін соңғы турда өзара кездеседі.

Ал Қатар мен Босния және Герцеговина құрамаларының еншісінде бір ұпайдан бар. Олар да топтық кезеңнің соңғы турында бір-біріне қарсы ойнайды.

Еске салайық, әр топтан алғашқы екі орын алған командалар тікелей плей-офф кезеңіне жолдама алады. Сонымен қатар үшінші орын алған кейбір құрамалар да көрсеткіштеріне қарай келесі кезеңге өте алады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp