Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жарияланған рақымшылықтың барлық азаматтарға бірдей қолданылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды
порталы.
Ведомствоның мәліметінше, рақымшылық қандастарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға таралмайды. Сонымен қатар заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға салынған айыппұлдар, сот шешімімен тағайындалған санкциялар, сондай-ақ салық төлеуден жалтару және салық салу объектілерін жасыруға қатысты бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бұл тізімге енгізілмеген.
Әкімшілік рақымшылықтың қолданылу аясы нақты шектелген. Кейбір санаттағы тұлғалар мен құқық бұзушылық түрлері оған кірмейді
Қаржы министрлігінің алдын ала есебіне сәйкес, заң күшіне енгеннен кейін рақымшылық шамамен 2 370 адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
Кешірілетін айыппұлдардың жалпы көлемі 298,4 миллион теңгеге жуық болады деп болжанып отыр
Мамандардың айтуынша, рақымшылық азаматтардың белгілі бір санаттарына әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, алайда ауыр құқық бұзушылықтар мен салықтық міндеттемелерге қатысты талаптар сақталады.