Қазақстанға көшіп келетін қандастарға қазақ тілінен емтихан тапсыру мәселесі Мәжілісте қызу талқыланды.
Депутат Қазыбек Иса пилоттық жоба аясында енгізілген талаптың заңға қайшы екенін айтып, сынға алды, деп хабарлайды
порталы.
Айтуынша, қолданыстағы заңда этникалық қазақтарды мемлекеттік тілден емтихан тапсырудан босату нақты көрсетілген.
Азаматтық кодекстің 17-бабы бойынша "тасқа таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай" жазылып тұр: мемлекеттік тілден емтихан алу этникалық қазақтарға қолданылмайды. Ал пилоттық жобада қандастарға мемлекеттік тілден емтихан тапсыртып қойған. Сонда бұл заңды басып өте бере ме?
Депутаттың айтуынша, жуырда Алматыда өткен қандастар жиынында бұл мәселе тағы көтерілген. Ол Мақаншыдан келген мүгедектігі бар азаматтың жағдайын мысалға келтірді.
Қытайда басқа әліпби, өзге елдерде басқа. Ол қалай тапсырады? Министрлік қызметкерлері де бұл емтиханды тапсыра алмайды, шынына келгенде. Бұл заңсыздық қой
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қазіргі талап әзірге пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқанын айтты. Айтуынша, бастама елдің экономикалық дамуы мен кадр тапшылығын шешуге бағытталған.
Егер қандас Қазақстанда тұрғысы келсе, біз азаматтық алуға көмектесеміз. Ал мигрант елімізде уақытша тұрғысы келсе, біз оларды жұмысқа орналастыру үшін белгілі бір аймақтарға жібереміз
Вице-министр Қазтесттің негізгі мақсаты – Қазақстанға келетін азаматтардың күнделікті өмірде қазақ тілінде еркін сөйлесе алуына жағдай жасау екенін атап өтті.
Қазақстанға көшкісі келетін кез келген азамат күнделікті өмірде өз ойларын еркін білдіре алуы үшін қазақ тілін базалық деңгейде білуі керек. Сондықтан қазір бұл міндетті талап ретінде енгізіліп жатыр. Бәрі Қазтест тапсырады. Бұл әлемдік озық тәжірибе
Шенеуніктің айтуынша, сынақ күрделі емес.
Сұрақтар оңай, небәрі 60, ал сіз 70 пайыздық шекті деңгейге жетуіңіз керек. Бұл – халықаралық тәжірибе
Сонымен қатар, ол Қазақстанда еңбек етіп, салық төлегісі келетін азаматтарға мемлекет қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Егер біреу осы елде тұрып, тез үйреніскісі келсе, онда олар тілімізді білуі керек. Ал мақсаты осында жұмыс істеу, күн көру және адал салық төлеу болса, онда біз барлық кедергіні алып тастап, мұндай адамдарға көмектесеміз
[video width="1920" height="1080" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/VID_20260529_091828_926.mp4"][/video]