ҚР Сауда және интеграция министрі мәжіліс кулуарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін толықтыру туралы бұйрық 6 қаңтардан бастап күшіне енетінін және сол уақыттан бастап азық-түлік бағасын көтеру шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесін кеңейту: 19 тауар болды, олар қалады, азық-түлік тауарларының санын 33-ке дейін көбейттік, оның ішінде қияр мен қызанақ бар. Әрине, сауда желілері қиынға соғатынын айтады, логистика өзгереді, көлік шығындары тағы бар дейді, бірақ біз келісімге келдік. Бұл – уақытша шара, себебі мемлекет басшысының нұсқауы бойынша біз бағаны тұрақтандыру жоспарын әзірледік. Осы жоспардың аясында біз сауда желілерімен бірге қажетті маржа мен өсу қарқынын есептедік. Кейбір тауар бойынша 7-8 пайыз, кей өнімдерде өсім 25 пайызға жеткен. Динамиканы бақылап отырмыз, бүгін бұйрыққа қол қоямын, ол 2026 жылдың 6 қаңтарында күшіне енеді
Министрдің айтуынша, бұйрық бір тоқсан бойы күшінде болады. Егер баға өсе берсе, шешім тағы бір тоқсанға ұзартылады. Ал баға өсіміне шектеу 15 пайызға дейін болмақ.