Мазмұнға өту
qandastar.

«Қапланбек» бекетінде Өзбекстанға өтушілер көбейіп кетті

Бақытжан Мұса · · 913 қаралым
«Қапланбек» бекетінде Өзбекстанға өтушілер көбейіп кетті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстанға жолға шыққан азаматтарға ескерту жасап, Қапланбек өткізу пункті маңында адамдардың жиналып қалғанын Qandastar.kz сайты Nur.kz порталына сілтеп хабарлады.

Ведомство мәліметінше, кептеліс көрші ел аумағындағы Новои өткізу пункті тіркеу жүйесінде пайда болған техникалық ақауларға байланысты туындаған. Соның салдарынан шекарадан өтуді күтіп тұрған жолаушылар саны көбейген.

Қазақстан тарапы өткізу бекетінің қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын және ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта екі елдің шекара қызметтері мәселені бірлесіп шешу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзбекстан тарапы жүйедегі ақауларды қалпына келтіру шаралары қолға алынғанын айтқан. Сондықтан азаматтарға сапарларын алдын ала жоспарлап, жағдайды ескеруге кеңес берілді. Техника істен шықса, шекара да бір сәтте ұзын-сонар кезекке айналады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp