Мазмұнға өту
qandastar.

Қапшағайда демалушыны құтқаруға ұмтылған жігіт ажал құшты

Малика Хамит · · 221 қаралым
Қапшағайда демалушыны құтқаруға ұмтылған жігіт ажал құшты

Қапшағай су қоймасында демалушыны құтқармақ болған Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға 22 шілдеде болған. Мәліметке сәйкес, Андрей суға батып бара жатқан адамға көмектеспек болып, өзі судан шыға алмай қалған.

Қайғылы жағдайға байланысты Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов әлеуметтік желіде көңіл айтып, марқұмның әрекетін нағыз ерлікке теңеді.

Бұл әрекет – нағыз ерліктің, жанқиярлықтың және азаматтық қадір-қасиеттің үлгісі. Шешуші сәтте Андрей өз қауіпсіздігін ойламастан, қиындыққа тап болған адамға көмекке ұмтылды. Мұндай қадамға тек жүрегі кең, мінезі мықты адам ғана бара алады
деді әкім.

Сондай-ақ әкім қала тұрғындарының атынан марқұмның әкесіне, бауырына және туған-туыстарына көңіл айтып, Андрей Козятинскийдің ерлігі Қонаев тұрғындарының жадында сақталатынын жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp