Мазмұнға өту
qandastar.

«Қара бала таяқ жейсің»: Шавкат Рахмонов америкалықты өрескел сөздері үшін орнына қойды

bahitzhanabzal · · 252 қаралым
«Қара бала таяқ жейсің»: Шавкат Рахмонов америкалықты өрескел сөздері үшін орнына қойды

UFC ұйымының американдық жартылай орта салмақ өкілі Хоакин Бакли қазақ файтері Шавкат Рахмоновты арандату мақсатында ауыр сөздер айтып, жекпе-жекке шақырды, деп жазады qandastar.kz.

Instagram желісінде Бакли Рахмоновқа өте дөрекі түрде жүгінді.

Өзбекстанда тығылып жүре беруді қой, қорқақ. Менің жылдамдығымдай қарсыласпен сен бұрын-соңды кездеспедің. Менің күшімді сезінген жоқсың. Менің қуатымдай қарсылас болған емес. Сен тек өзіңе жасалған образдың арқасында өмір сүріп жүрсің. Ал мен сол образды күйрету үшін келдім
деп жазды Бакли.

Оның айтуынша, дәл Бакли – Рахмоновтың чемпиондық жолындағы басты кедергі.

Өзіңді келесі үміткер санайтыныңды айтасың, сол үшін мен жолыңды кесіп тұрмын. Кәне, бірдеме жаса. Менімен айқас сен туралы көп нәрсені ашып береді: олқылықтарыңды, шешімсіздігіңді, шегіңді. Сол себепті сенің командаң Kill Cliff менің атымды атамайды. Генри Хуфттың өзі оның жігіттері маған қарсы шықпауы тиіс екенін айтқан
деп мәлімдеді америкалық файтер.

 

Үміткерлік жайлы сөз жоқ. Сылтау жоқ. Жай ғана келісімшартқа қол қой
деп түйіндеді ол.

Баклидің жазбасының астында Шавкат қысқа ғана, бірақ өте қатаң жауап қалдырды:

Қара бала таяқ жейсің
деп жазды Рахмонов.

Анықтама: Хоакин Бакли жартылай орта салмақта 10-орында тұр және соңғы жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Камару Усманнан жеңілген. Ал Шавкат Рахмонов рейтингте 3-орында. Ол бұған дейін екі рет чемпиондық айқасқа бір қадам қалғанда жарыстан тыс қалған – біріншісі чемпионның жарақатына байланысты, екіншісі Шавкаттың өз жағдайына байланысты тоқтатылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Joaquin "New Mansa" Buckley (@newmansa94)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp