Мазмұнға өту
qandastar.

Қарағанды академиясында 53-ші түлектерге диплом табысталды

Бақытжан Мұса · · 90 қаралым
Қарағанды академиясында 53-ші түлектерге диплом табысталды

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 53-ші түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Саптық алаңда өткен рәсімге ІІМ өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, Қарағанды облысының өкілдері және түлектердің ата-аналары қатысты. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау мен академия туын алып шығумен басталды.

Салтанат барысында түлектерге дипломдар табысталып, жас офицерлерге адал қызмет ету, антқа берік болу және Отанға қалтқысыз қызмет көрсету жөнінде тілек айтылды. Іс-шарада қызмет барысында қаза тапқан академия түлектері бір минут үнсіздікпен еске алынып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Бағдарлама соңында курсанттардың дефиле көрсетілімі, қоян-қолтық ұрыс шеберлігі және «Курсанттар вальсі» ұсынылды. Жиын саптық шерумен қорытындыланып, жас офицерлер еліміздің түрлі өңірлерінде қызмет атқаруға жолдама алды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp